Парашюттік көпсайыс бойынша әскери біріншілік өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеке командалық біріншілікте парашюттік көпсайыс бойынша чемпионат өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Классикалық парашют спортының ең кәсіпқой өкілдері, әскери қызметшілер мен спортшылар жеке командалық біріншілікте парашюттік көпсайыс бойынша үздік деген атаққа таласты.  Сайысқа 8 команда қатысуда. Олардың ішінде, Талдықорған, Қапшағай және Алматы қалаларындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, іздестіру-құтқару, парашюттік-десанттық қызмет және Парашюттік даярлық орталығының құрама командасы бар.

Сайыс шарттарына сәйкес қатысушыларға бірқатар жаттығуларды, оның ішінде, 900-1200 метр биіктіктен жеке және командалық есеппен жерге қону дәлдігі, 100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу (толық әскери жарақтандыруда) және 3 мың метр қашықтыққа жеңіл атлетикалық кросс бойынша бірқатар жаттығуларды орындау қажет.

Әскери қызметшілер үшін парашютпен секіруді жүйелі түрде орындаумен байланысты қызмет түрі аталмыш чемпионат бұл өзінің біліктілігін растау мен арттыруға мүмкіндік. Ал спортшылар үшін спорттық атақ пен разряд беру үшін біліктілік нормативтерді орындау екенін айта кеткенін жөн.

Парашюттік спорт бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының құрамы қойылған тапсырмаларды сәтті орындап жүрген спортшылардан құралған. Халықаралық аренада біздің команда ірі сайыстарда бүкіл Орта-Азиялық өңірдің намысын қорғап, абырой-беделге ие болып жүр.

Соңғы жаңалықтар