Параволейболдан ел құрамасының 9 ойыншысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасының 9 ойыншысына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. 

параволейбол
Фото: Параволейбол командасы

Параволейболдан ел құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауовтың айтуынша, өткен жыл табысты болған.

«Былтыр біздің параволейболшылар екі турнирде күміс жүлдеге ие болды. Оның бірі — Астана қаласында өткен Азия чемпионаты. Бұл додада әлемдегі мықты командалардың бірі – Қытай құрамасын жеңген едік. Азия чемпионатының қорытындысымен біздің команда биыл Франция астанасы — Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының лицензиясын иелендік. Кейін Қытайда Ханчжоу қаласында өткен Пара Азия ойындарында да күміс жүлдеге қол жеткіздік», - дейді Бауыржан Тахауов.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған ойыншылардың арасында 8 атыраулық спортшы бар. Олар — Бауыржан Сартаев (команда капитаны), Пердебай Намұратов, Ақылбек Шикібаев, Алмат Оспанов, Әділет Сейітжапар, Нұртау Мұханбетқалиев, Ерлан Битеміров және Бекет Тұрниязов. Тоғызыншы ойыншы – қызылордалық Ерасыл Әбдібек.

спорт
Фото: Параволейбол командасы

Еске сала кетелік, Қазақстанның параволейболшылары Азия чемпионатында «күміс» алғанын жазған болатынбыз

спорт
Фото: Параволейбол командасы

 

Соңғы жаңалықтар