Паразиадада Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль түсті

ерлан өтепов
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия параойындарында Қазақстан қоржынына бір күміс, үш қола медаль түсті, деп хабарлайды Kazinform

Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды.

90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы Әлішер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль еншіледі.

параспорт
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үшінші орын үшін күресте отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді.

Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.

Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия параойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.

паразиада
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.

Бәсеке J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.

90+ кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) парадзюдодан қола жүлдегер атанды.

параспорт
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.

Соңғы жаңалықтар