«Пари Сен-Жермен» Роналду үшін €150 млн. ұсынды, «Реал» бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» команда футболшысы Криштиану Роналдуды «Пари Сен-Жермен» клубына €150 млн-ға сатудан бас тартты. Бұл туралы Globo Esporte хабарлайды.

«Пари Сен-Жермен» Роналду үшін €150 млн. ұсынды, «Реал» бас тартты

Испаниялық клуб ұсыныстан бірден бас тартқан. Алайда Роналду 1 жылдан соң өзге клубқа ауысуы мүмкін. Ал биылғы кезеңде Роналду Испания чемпионатында 2 матчқа қатысып, бір де бір гол салған жоқ, деп жазады 24.kz.