Париж-2024: Әмір Закиров ширек финалға шықты
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін брейкингтен ерлер ел намысын қорғап жатқан Әмір Закиров Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атты спортшыны сенімді ұтты.
Раундтар бойынша есеп: 2-0 (6-3, 7-2).
Осылайша, отандасымыз D тобында 3 батлға шығып, 2 жеңістің арқасында ширек финалға жолдама алды.
Плей-офф кезеңі біраздан кейін басталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандасымыз Әмір Закиров алғашқы батлында Menno-дан (Нидерланд) жеңіліп қалғанын жазған едік.
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін брейкингтен ерлер арасында топтық кезең басталды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін еркін күрестен медальдан үмітті балуанымыз Әлішер Ерғали (97 келі) ширек финалдық белдесуде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтан 14:2 есебімен ұтылып қалды.