Париж – 2024: Андрей Чугай тректегі велоспорттан іріктеу турниріне қатысты
ПАРИЖ. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында тректегі велоспорттан кейрин бағдарламасы бойынша іріктеу турнирі өтті.
Бұл сында Қазақстан атынан Андрей Чугай сынға түскен болатын.
Ол өз тобында 5-орын алып, 1/4 финалға тікелей өте алған жоқ.
Қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында сынға түседі.
Бұған дейін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар шәкіртінің жеңілісі туралы пікірімен бөліскен еді.
Естеріңізге сала кетейік, 97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Әлішер Ерғали ширек финалдық белдесуде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтан 14:2 есебімен ұтылып қалды.