14:02, 29 Шілде 2024 | GMT +5
Семсерлесу: Әйгерім Сарыбай екінші айналымда қарсыласына жол берді
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында семсерлесуден «сабля» санаты бойынша 1/32 финалдық сайыстары өтті.

Аталған сайыста қазақстандық спортшы Әйгерім Сарыбай франциялық Манон Брюнеге қарсы кездесуде есе жіберді. Ол қарсыласынан 12:15 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Манон Брюне – Токио Олимпиадасында жекелей сында қола, командалық сайыста күміс еншілеген.
Сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионатында командалық бәсекеде алтынға қол созған. 2023 жылғы Еуропа чемпионатының жекелей сынында топ жарып, алтыннан алқа таққан.