Париж-2024: Батуттық гимнастика мен велотректен ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 2 күн қалды. Осыған орай бүгін назарларыңызға батуттық гимнастика мен велотректен ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстара кеткенді жөн көрдік.

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:
Батуттық гимнастика
Данил Александрович Мусабаев – 1998 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Велотрек
Андрей Витальевич Чугай – 2000 жылы 17 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген.

2019 жылы ерлер арасында Азия чемпионы (1 000 метр)
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Олардың алғашқы легі 18 шілде күні Парижге аттанып кеткен болатын.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.