Париж-2024: Дмитрий Панарин топтық кезеңнен өте алмай қалды
ПАРИЖ. KAZINFORM- Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин екінші матчында Брайан Янгпен шеберлік байқасып, ұтылып қалды.
D тобындағы бұл ойын канадалық спортшының басымдығымен өтті. Есеп: 0-2 (18-21, 10-21).
Осылайша отандасымыз топтық кезеңнен шыға алмады. Ол бірінші ойында жапон бадминтоншысы Кента Нисимотоға есе жіберген.
Айта кетейік, бұл Дмитрий спорттың бұл түрінде Олимпиадаға қатысқан тұңғыш отандасымыз.
Брайан – 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың чемпионы (командалық сайыс).