Париж-2024: Қазақстан қоржынында Паралимпида ойындарының қанша жолдамасы бар

спорт комитеті
Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті.

Аталған ведмство мәлім еткендей, кездесу барысында ұлттық құрама спортшыларының Паралимпиада ойындарына жеңіп алған лицензиялар саны, медальдық жоспар, спорттық форма үлгісі, оқу-жаттығу жиындары, ақпараттық қолдау көрсету және оданда басқа дайындық мәселелері талқыланды.

«Еліміздің пара спортшылары жыл сайын медальдық көрсеткіш бойынша жаңа жетістіктерге жетіп, ел абыройын халықаралық жарыстарда асқақтатып жүр. Пара спортшыларымыздың жетістігіне лайықты көңіл бөліп, ұтымды дайындығына жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатта штаб тарапынан барынша қолдау көрсетіледі», - деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.

олимпиада
Фото: Спорт комитеті

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4000 мыңнан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 5 түрі бойынша 10 жолдама бар (пара пауэрлифтинг - 1, пара жүзу - 3, пара таеквондо -3, пара жеңіл атлетика - 1, волейболды отырып ойнау -1 және пара каноэ -1 ).

Жоспар бойынша 8 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 26-ға дейін жеткізу міндеті тұр.

Соңғы жаңалықтар
telegram