Париж-2024: Қазақстандық спортшы Олимпиаданың 49 жолдамасын жеңіп алды

париж олимпиадасы
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін қазақстандық спортшы Эдуард Ещенко Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

Ол жолдамаға стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде қол жеткізді.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл ел қоржынына түскен 49-шы жолдама. 

Эдуард Ещенко скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті.

Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).

Бұл стенд ату шеберлерінің 2-ші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. 

Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. 

Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ел қоржынына 48 жолдама түскенін жазған болатынбыз.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар