Париж-2024: Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін таэквондодан 58 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Самирхон Абабакиров алғашқы айқасында италиялық Токио олимпиадасының чемпионы Вито Дел’Аквиламен кездесуде жеңіліп қалды.
Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласына күтпеген жерден есе жіберіп алды.
Егер, Абабакировтің қарсыласы финалға шығып жатса, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.
Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда украиналық Жан Беленюкпен белдесіп, 3:7 есебімен ұтылып қалды.
Сонымен қатар, кеше 77 келіде ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықпен ұтып, Олимпиада ойындарының финалына шыққан еді.