19:37, 31 Шілде 2024 | GMT +5
Париж-2024: Кирилл Герасименко Олимпиаданың ширек финалына өте алмады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үстел теннисінен бақ сынаған Кирилл Герасименко ширек финалға өте алмады.

Ол 1/8 айналымында Герасименко Египет өкілі Омар Ассармен шеберлік байқасты. Нәтижесінде отандасымыз 4:2 (8:11, 6:11, 12:10, 12:10, 11:9, 11:3) есебімен қарсыласына жол беріп алды.

Айта кетелік, алғашқы бәсекесінде чилилік қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 4:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар Кирилл Герасименко германиялық Дан Цюді ұтқан болатын.
Герасименко мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына баруға мүмкіндік алып отыр. Спортшы Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан. Ол Риода алғашқы айналымнан сүрінсе, Токиода үшінші кезеңде жеңіліп қалған.