Париж – 2024: Назым Қызайбай ширек финалға өтті

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Назым
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Төрешілер есебі: 5-0. Енді ширек финалда Колумбия өкілімен кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырған еді.

«Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр. Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты. Сол үшін алдағы айқастарыма барынша тыңғылықты дайындалып шығамын», - деген еді Назым Қызайбай.

Соңғы жаңалықтар