Париж-2024: Нысана көздеуден үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті

ПАРИЖ. KAZINFORM – Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, үздік шыққан спортшылар марапатталды. 

Париж-2024: Нысана көздеуден үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Марапаттау рәсімінде Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін иеленген отандастарымыз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медальді мойындарына тақты. 

Париж-2024: Нысана көздеуден үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Париж-2024: Нысана көздеуден үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еске сала кетейік, нысана көздеуден Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.