Париж-2024: Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар туралы не білеміз
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 11 күн қалды.

Осыған орай бүгін назарларыңызға семсерлесу мен дзюдо күресінен ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік.
Париж Олимпиадасында семсерлесуден ел намысын 5 спортшы қорғаса, дзюдодан 8 балуанымыз сынға түседі.
Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері
Семсерлесу:
Руслан Римзиевич Курбанов — 1991 жылы 17 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген.
2023 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Вадим Вадимович Шарлаимов — 1996 жылы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ерлік Асқарұлы Сертай — 1998 жылы 19 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген.

Эльмир Эльдарович Алимжанов — 1986 жылы 5 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Айгерім Ғалиқызы Сарыбай — 1997 жылы 18 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген.

Дзюдо:
Елдос Бақтыбайұлы Сметов — 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Жазғы Олимпиаданың 2 мәрте жүлдегері (2016, 2021)

Абылай Кемалбекұлы Жұбаназар — 2000 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

Нұрлыхан Сейілбекұлы Шархан — 2000 жылы 18 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Данияр Серікұлы Шамшаев — 2001 жылы 8 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ғұсман Даниярұлы Қырғызбаев — 1992 жылы 28 қыркүйекте Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.

Эсмигул Русланқызы Куюлова — 2002 жылы 11 мамырда Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген.

Абиба Рахмонәлиқызы Абужақынова — 1997 жылы 4 шілдеде Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген.
Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері (2022, 2024)

Камила Талғатқызы Берліқаш — 1999 жылы 9 қарашада Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.