Париж-2024: Олимпиадада ел намысын қорғайтын ескекшілеріміз туралы не білеміз

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 4 күн қалды.

Париж Олимпиадаси
Фото: x.com/jeuxolympiques

Осыған орай бүгін назарларыңызға академиялық ескек есу мен байдарка мен каноэде ескек есуден ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстары кеткенді жөн көрдік.

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Академиялық ескек есу

Владислав Павлович Яковлев — 1993 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. 

Владислав Павлович Яковлев
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Байдарка мен каноэде ескек есу

Сергей Александрович Емельянов — 1995 жылы 19 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 

Сергей Александрович Емельянов
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Сергей Александрович Токарницкий — 1993 жылы 1 ақпанда Украинада дүниеге келген. 
2013 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетуді жөн көрді.

Сергей Александрович Токарницкий
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Мария Сергеевна Бровкова – 2005 жылы 31 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген.
2023 жылғы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Мария Сергеевна Бровкова
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Тимур Улугбекович Хайдаров – 1996 жылы Өзбекстанда дүниеге келген.
2024 жылғы Азия чемпионы.

Тимур Улугбекович Хайдаров
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Руфина Руслановна Искакова – 2003 жылы 13 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.
2024 жылғы 2 дүркін Азия чемпионы. 2023 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы.

Руфина Руслановна Искакова
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. 

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар