Париж-2024: Олимпиадада ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттеріміз бен велошабандоздарымыз кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 8 күн қалды.

Париж Олимпиадаси
Фото: x.com/jeuxolympiques

Осыған орай бүгін назарларыңызға жеңіл атлеттеріміз бен велошабандоздарымызды қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік. 

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Жеңіл атлетика 

Нора Джеруто Тануи — 1995 жылы 2 қазанда Кения елінде дүниеге келген. 
2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп, 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысында әлем чемпионы атанды.

Нора Джеруто Тануи
Фото: Дирекция развития спорта РК

Жанна Қанатқызы Мамажанова — 1994 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген.

Жанна Қанатқызы Мамажанова
Фото: Дирекция развития спорта РК

Дейзи Джепкемей — 1996 жылы 13 ақпанда Кения елінде дүниеге келген. 
2022 жылдан бері Қазақстан атынан сынға түседі.

Дейзи Джепкемей
Фото: Дирекция развития спорта РК

Надежда Васильевна Дубовицкая — 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. 

Надежда Васильевна Дубовицкая
Фото: Дирекция развития спорта РК

Елизавета Александровна Матвеева — 2001 жылы 9 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 

Елизавета Александровна Матвеева
Фото: Дирекция развития спорта РК

Давид Александрович Ефремов — 1999 жылы 15 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. 

Давид Александрович Ефремов
Фото: Дирекция развития спорта РК

Ольга Евгеньевна Сафронова — 1991 жылы 5 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Ольга Евгеньевна Сафронова
Фото: Дирекция развития спорта РК

Велошоссе

Алексей Александрович Луценко — 1992 жылы 7 қыркүйекте СҚО-да дүниеге келген.

Алексей Александрович Луценко
Фото: Дирекция развития спорта РК

Евгений Васильевич Федоров — 2000 жылы 16 ақпанда Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 

Евгений Васильевич Федоров
Фото: Дирекция развития спорта РК

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. 

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетсек, осыған дейін семсерлесу мен дзюдошыларымыз және теннис, үстел теннисі сонымен қатар триатлоннан ел намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы, сонымен қатар боксшыларымыз бен гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар