Париж-2024: Олимпиадада ең көп атлет қатысатын спорт түрі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында ең көп атлет қатысатын спорт түрі белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, Париж Олимпиадасында ең көп спортшы жеңіл атлетикадан сынға түссе, брейкингтен бар-жоғы 32 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, қазіргі Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің екі жүзге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
Енді қай спорт түрінен нақтылы қанша спортшы бақсынайтынын естеріңізге сала кетсек.
Жеңіл атлетика — 1 810 спортшы
Жүзу — 1 370
Велоспорт — 514
Футбол — 504
Академиялық есу — 502
Шөптегі хоккей — 384
Волейбол — 384
Дзюдо — 372
Баскетбол — 352
Нысана көздеу — 340
Гандбол — 336
Желкенді спорт — 330
Байдарка және каноэде есу — 318
Гимнастика — 318
Регби — 288
Күрес түрлері — 288
Бокс — 248
Семсерлесу— 212
Ат спорты — 200
Бадминтон — 172
Үстел теннисі — 172
Үлкен теннис — 172
Садақ ату — 128
Таеквондо — 128
Гольф — 120
Ауыр атлетика — 120
Триатлон — 110
Скейтбординг — 88
Қазіргі бессайыс — 72
Жартасқа өрмелеу — 68
Серфинг — 48
Брейкинг — 32