Париж-2024: Олимпиадаға дайындық жұмысы пысықталды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде спорттық медицина, спорттық ғылым және жоғарғы білім мамандарымен жиналыс өткізді, деп хабарлайды Kazinform.
Аталған ведмостваның баспаөз қызметі мәлім еткендей, жиналыс күнтәртібінде;
Париж -2024 Олимпиада ойындарының жарыс алдындағы дайындық кезеңіндегі өзектілігін арттыратын жаттықтырушы құрамының білімі мен қабілеттері деңгейін арттыру,
ҚР құрама командаларының жаттығу-жарысу үрдісін жетілдіру үшін Кешенді ғылыми топтар жұмысын ұйымдастыру форматы талқыланды.
Бокс, велоспорт, жүзу, дзюдо спорт түрлері бойынша құрама командалармен бірге жұмыс істейтін спорт дәрігерлері, бас жаттықтырушылар, ғалымдар КҒТ жұмысын жүргізу бойынша өздерінің кәсіби тәжірибелері мен көзқарастарымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, Францияның Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтсе, ХVІІ Жазғы Паралимпиада биыл 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді.