Париж-2024: Таеквондо, стенд ату және қазіргі бессайыстан ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 5 күн қалды.

Қаңтарда қандай спорт түрлерінен Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады
Фото: Michel Euler/The AP

Осыған орай бүгін назарларыңызға таеквондо, стенд ату және қазіргі бессайыстан ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстары кеткенді жөн көрдік.

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Таеквондо 

Самирхон Сарвархонұлы Абабакиров — 2003 жылы 26 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген.

Самирхон Сарвархонұлы Абабакиров
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Батырхан Болатұлы Төлеуғали — 2006 жылы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсанда дүниеге келген. 

Батырхан Болатұлы Төлеуғали
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Стенд ату

Эдуард Андреевич Ещенко — 1999 жылы 13 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 
Аралас жұптық сайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022)

Эдуард Андреевич Ещенко
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Әсем Маратқызы Орынбай — 1993 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 
Аралас жұптық сайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022)

Әсем Маратқызы Орынбай
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Мария Александровна Дмитренко — 1988 жылы 24 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 
Аралас жұптық сайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023)

Мария Александровна Дмитренко
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Қазіргі бессайыс 

Елена Потапенко — 1993 жылы 20 сәуірде Астана қаласында дүниеге келген.

Елена Потапенко
Фото: ҚР спортты дамыту дерекциясы

Георгий Борода-Дудочкин — 2001 жылы 16 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген.

Георгий Борода-Дудочкин
Фото: Дирекция развития спорта РК

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. 

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар