Париж-2024: Вадим Шарлаимов cемсерлесуден жекелей сында жеңіске жетті

ПАРИЖ. KAZINFORM – Вадим Шарлаимов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. 

Вадим Шарлаимов
Фото: Сали Сабиров

Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп жатқан отандасымыз ОАР өкілі Харри Санерден15:9 есебімен басым түсті. 

Осылайша ол жарыстың 1/16 финалына жолдама алды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин алғашқы кездесуінде жапониялық Кента Нишимотодан жеңіліп қалғанын жазған едік.