Париж-2024: Велоспортшыларымыз жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс аяқталды, деп жазды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Велоспорт
Фото: ҰОК

«Топтық сында Қазақстан сапынан Алексей Луценко мен Евгений Федоров өнер көрсетті.

Луценко жарысты 52-ші болып аяқтады. Өкінішке қарай, Федоров мәреге жете алмады», — делінген жазбада.

Велоспорттан топтық жарыста бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіске жетті.