Париж әуежайында екі ұшақ соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция астанасы Париждің «Руасси - Шарль-де-Голль» әуежайында екі ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рarisien.fr басылымына сілтеме жасап.
31 қазан күні Delta Air Lines әуе компаниясының лайнері ұшар алдында тұрған Air France-тың ұшағын келіп соққан.
Абырой болғанда, оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Air France лайнері Сен-Мартенге ұшуы тиіс еді. Осы оқиғадан соң рейс келесі күнге қалдырылды.
Қазір тексеріс жүріп жатыр.