Париж әуежайында радикалдық көзқарастары үшін 59 қызметкер жұмыстарынан босатылды

«Соның ішінде бес адам Парижде 13 қарашада болған шабуылдан кейін босатылды», - деді Риффо, сонымен қатар ол радикалдық көзқарастарға күдікті қызметкерлерді босату мұнымен тынбайтынын айтты. Жұмыстан шығару үдерісі мемлекеттік қызметтермен бірлесе жүргізілуде.
Риффоның айтуынша, жыл басынан бері әуежайдың жабық аймақтарына рұқсаты бар 86 мың адам тексеруден өткен, оның 5 мыңы - қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері.
13 қарашада Францияда төтенше жағдай енгізілген сәттен бері әуежайлардың жұмыс бөлмелерінде, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін кәсіпорындарда тінту жүргізілген, оның барысында 4 мың қызметкердің шкафтары тексерілген. Риффо олардан есірткі де, қарулар да табылмағанын айтты. Дегенмен радикалық ислам баспасөз басылымдарының даналары табылған.
Қазіргі кезде Руасси - Шарль-де-Голль әуежайында барлық жолаушылардың жеке басы тексеріледі, бұрын бұл көрсеткіш 15-20 пайыз ғана болатын. Бұл жұмыстар әуежай арқылы күніне 130 мыңнан 140 мыңға дейін жолаушылар өтетініне қарамастан жүргізілуде, деп атап өтті Францияның шекаралық полициясының директоры Патрис Баном. Бақылау Франция аумағына радикалдық көзқарастарға күдікті адамдардың келтірмеу мақсатында жасалып отыр, деп хабарлады Лента.ру .
13 қарашада кешке француз астанасында бірнеше лаңкестік акциялар сериясы орын алды, олардың салдарынан 130 адам мерт болды, 350-і зардап шекті.