Париж бен Лос-Анджелес Олимпиада астанасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті Париж және Лос-Анджелес қалаларын 2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындарының астанасы етіп бекітті,  деп хабарлайды Би-би-си.
None
None

2024 және 2028 жылдардағы Олимпиаданы өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим сияқты қалалар үміткер болды. Алайда олардың арасынан Париж бен Лос-Анджелес іріктеліп алынды. Екі қала әлемдік спорттық жарысты өткізу кезектілігін өзара келісіммен шеше алады.

Айта кетейік, аталған екі қала Олимпиада ойындарын екі рет өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар