Париж билігі Олимпиада алдында баспанасыз адамдарды көшіріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада, сейсенбі және сәрсенбі күндері Франция билігі Париждің солтүстігіндегі жаңа үйсіздер лагерін эвакуациялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Француз баспасөзі сейсенбі, шілденің 16-сы күні таңертең елорданың солтүстігінде, Урк каналының маңында 250-ге жуық адам тұратын үйсіздер лагері көшірілді.
17 шілдеде тағы Сен-Дени каналы бойында, Стейнс көпірі мен Корентин Кариу даңғылына қарай баспанасыз адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті журналистер бұл 26 шілдеде Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындары басталар алдында «әлеуметтік тазарту» мақсатында жасалып жатқанын атап өтті. Олар (үйсіздер) Олимпиада алауының жолында болғандықтан эвакуацияланған. Осылайша, Олимпиада алауы 26 шілдеде Сен-Дени каналының бойымен өтеді және ашылу салтанаты кезінде Порт-де-ла-Виллеттен «Стад де Франс» стадионына дейін жеткізіледі.
2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін 138 баспанасыз адамдар ғимараты көшірілді. Оның ішінде 12 500-ден астамы Иль-де-Франс аймағынан шығарылған. Бұл 2021-2022 жылдармен салыстырғанда 38% өскен.