21:29, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Париж босқындарға лагерь құруға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж мэрі Анн Идальго сейсенбі француз астанасында босқындарға лагерь құратынын мәлімдеді. Лагерь гуманитарлық ұйымдар көмегімен құрылады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Мэрдің деректеріне сәйкес, ол тек түнеу үшін емес, сонымен бірге өмір сүруге қаражаты жоқ жандар орынды күндіз де паналай алады.
Идальгоның айтуынша, «қазір мэрия қысқа мерзімде қай жерге лагерь құруға болатынын зерделеуде».