Париж хирургтері мадагаскарлық сиам егіздерін бөлді

ПАРИЖ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат – Кеше Париж ауруханасының хирургтері Мадагаскар аралынан келген сиам егіздерін бөлді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Операция танымал Неккер балалар ауруханасында жасалды және алты сағатқа созылды. Оған профессор Йан Ревийон бастаған төрт анестезиолог, алты хирург және медбикелер ? барлығы жиырма адам қатысты. 2008 жылы маусымның 16-сында дүниеге келген егіздерде ортақ бір ғана бауыр болған. Дәрігерлер оны екіге бөлді. Неккер ауруханасында бұдан бұрын 2001 жылы ұлыбританиялық егіз қыздарға осындай операция жасалған болатын.
Соңғы жаңалықтар