Париж қаласында атыс-шабыстан тұратын кино түсіруге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы бірқатар террорлық актілерден кейін Париж басшылығы қалада қарулы қақтығыстары бары бар фильмдер түсіруге тыйым салды, деп жазады РИА Новости.
Қала басшылығының мұндай қадамға бару себебін полиция өкілі Сильви Барно түсіндіріп берді. Оның айтуынша, ондай фильмдерде актерлер арнайы қызмет адамдарының, полицияның киімдерін киіп жүретіндіктен лаңкестердің назарына түсіп, мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін. -Сонымен қатар, актерлер қала тұрғындарын да шошытып алулары ғажап емес, - деді полиция өкілі.