Париж-Мәскеу бағытындағы ұшақ Варшаваға жедел қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Air France» компаниясының Париж-Мәскеу бағытындағы ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды, деп жазады «Рен тв» сайты AirLive.net порталына сілтеме жасай отырып.
Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығына байланысты капитан ұшақты жедел Варшава қаласына қондыруға шешім қабылдаған.
Ұшақтағы жолаушы құрыспа (эпилепсия) аурумен ауырғаны айтылды.