13:24, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Париж мэрі қызметіне тұңғыш рет әйел сайлануы ықтимал
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Келесі жылғы сайлаудан кейін Париж мэрі лауазымына әйел сайлануы мүмкін.

Өйткені оған кандидат ретінде «Халықтық қозғалыс үшін одақ» партиясынан Францияның бұрынғы энергетика және экология министрі Натали Косцюшко-Моризе ұсынылып отыр. Ол Социалистік партияның үміткері Анна Идальгомен аталмыш лауазым үшін бақ сынаспақ. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.
Жүргізілген сауалнамаларға жүгінсек, екі үміткердің де мүмкіндігі шамалас. Францияда Париж мэрі сайлауға түсетін маңызды қызметтердің бірі болып табылады. Ел тарихында бұл лауазымда ешқашанда әйел болмаған.