«Париж-Ницца» веложарысының 7-кезеңінде британдық жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпкүндік әлемдік "Париж-Ницца» веложарысы турының жетінші кезеңінде Mitchelton-Scott командасынан британдық спортшы Саймон Йейтс жеңімпаз атанды, деп хабарлайды euronews.
175 шақырымдық қашықтықты ол бес сағат 54 секундта бағындырды. Екінші орында - BMC мүшесі бельгиялық Дилан Тёнс, ал үшінші - Bahrain Merida командасының мүшесі испандық Ион Исагирре.
Жалпы есепте Йейтс көш бастап келеді, одан Исагирр небәрі 11 секунд қалып келеді. 110 шақырымға созылатын қорытынды кезең жексенбіге белгіленіп отыр.
Фото: ru.euronews.com