Париж олимпиадасы: Халықаралық Паралимпиада комитеті пара жеңіл атлеттеріне тағы екі квота бөлді 

Параспорт
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық Паралимпиада комитеті Қазақстанның халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуін ескере отырып, еліміздің пара жеңіл атлеттеріне Париж-2024 ойындарына қатысуға үш квота бөлді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Белгіленген үш квотаның бірін 2023 жылы пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Дастан Мұқашбеков иеленді. Қалған екі квота ұлттық құрамадағы бір әйелге және бір ер адамға бөлінді. 

«Жаттықтырушылар штабы мен Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлық орталығының қызметкерлерінің шешімімен қалған екі квота кімге берілетіндігі анықталады. Таңдау кезінде спортшылардың әлемдік рейтингтері, олардың соңғы жетістіктері мен ағымдағы спорттық дайындығы ескерілетін болады», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлық орталығының команда бастығы Мәулен Нәсіпқали.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 16 лицензия бар. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (1), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (1). Биылғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.

Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойналады.

Соңғы жаңалықтар