Париж Олимпиадасы: Jibek Joly көрермендерін не күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Париж Олимпиадасының салтанатты түрде ашылуына санаулы күн қалды. Jibek Joly телеарнасы осы шараны және ойындардың бірқатарын тікелей эфирде көрсетеді. Қазір телеарнада трансляцияға дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
жібек жолы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Біздің телеарна үшін Париж Олимпиадасын тікелей көрсетілімде тарату — тарихи оқиға. Халықаралық Олимпиада комитетіне спорттық ойындарды тарататын телеарна ретінде ресми тіркеу жөнінде өтінім жолдадық. Екі аптаның ішінде тіркеді. Келісімге сәйкес Олимпиада ойындарын тікелей көрсетілім арқылы көпшілікке тарата аламыз. Jibek Joly телеарнасының көрермендері әр жұма, сенбі және жексенбі күні (сағат 22:00–ге дейін) теледидардан бөлек, елордадағы Abu Dhabi Plaza ойын-сауық және сауда орталығы аумағында LED экран арқылы көре алады», — дейді Jibek Joly телеарнасының креативті продюсері Динара Абакаева. 

продюсер
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Одан бөлек, Jibek Joly телеарнасы елорда әкімдігінің қолдауымен Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын орталық саябақта тікелей эфирде көпшіліктің назарына ұсынбақ. Салтанатты шара аясында концерт те өтеді. 

жібек жолы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Олимпиаданың ашылу салтанатынан тікелей көрсету кезінде Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков телеарна студиясының құрметті қонағы болмақ. 

жібек жолы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстардан бөлек, топ ойындардың финалын көрермендерге ұсынамыз. Телеарнаның шамамен 70% эфирі Париж Олимпиадасы ойындарына арналады», — дейді креативті продюсер. 

тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ал спорт ойындары барысында телеарнаның 9 комментаторы кезекпен екі тілде (қазақша, орысша) қызмет көрсетеді. 

трансляиця
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Тікелей көрсетілімге дайынбыз, техника қазірдің өзінде тестілеу режимінде тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Тікелей байланыс белгісін Париж бен Лондоннан, сонымен қоса Астанадағы Қазмедиа орталығы арқылы аламыз. Техникалық тұрғыдан дайындыққа бір ай уақыт кетті, күн сайын 3-4 маман ауысыммен жұмыс істейді. Спорт жарыстарының тікелей эфирінің кестесі берілді», — дейді Jibek Joly телеарнасының техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ауысым жетекшісі Саян Макимов. 

тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
жібек жолы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін XXXIIІ Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. 

тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын Jibek Joly телеарнасынан бөлек, Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және «Ел арна» эфирінен көре алады.

трансляция
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
жібек жолы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
тв
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар