Париж олимпиадасында күтпеген «тосынсыйлар» болуы мүмкін – министр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында қазақстандық құрама қандай спорт түрлерінен медаль алуы мүмкін екенін айтты.
Фото: Әділет Бірімқұлов / Kazinform
Министрдің айтуынша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 50 лицензия бар, алда тағы 25 лицензиялық рейтингтік турнир бар.
«Ең алдымен біздің құрамада кім бар екенін, кіммен жұлырықтасып, кіммен күресетінімізді және т.б. түсінуіміз керек. Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің балуан қыздарымыз, ауыр атлеттеріміз лицензиясыз қалды. Оған қоса, біздің назарымызды аударған жаңа спорт түрлері пайда болуда. Бізде еш уақытта ату бойынша алты лицензия болмаған, садақ ату бойынша бес лицензия болған ем
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
ес. Яғни, белгілі бір «тосынсыйлар» болуы мүмкін. Егер үздік үштікті сұрасаңыз, бұл бокс, теннис және күрестің қандай да бір түрі», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Франция астанасындағы Олимпиада ойындары 26 шілде -11 тамыз күндері өтеді.