Париж Олимпиадасында спортшылар қай стадиондарда жүлдеге таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Спорт жанкүйерлері асыға күткен дүбірлі доданың басталуына санаулы күн қалды. Kazinform агенттігінің тілшілері оқырмандарға Олимпиадаға қатысты қызықты ақпараттарды ұсынып келеді. Бұл жолы спорттық ойындар өтетін стадиондарға тоқталмақпыз. 

Париж Олимпиадасында спортшылар қай стадиондарда жүлдеге таласады
Фото: olympics.com

Stade de France 

Стадион Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени маңында орналасқан. Ол 1998 жылы Францияда өткен футболдан әлем чемпионаты үшін салынған. Қазіргі уақытта арена елдегі ең ірі спорттық іс-шараларды, Франция ұлттық футбол және регби командаларының үйдегі матчтарын өткізу үшін пайдаланылады.

Stade de France 
Фото: olympics.com

Стадионның конфигурациясы жеңіл атлетика жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2003 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты осында өтті. Арена сыйымдылығы оқиғаға байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, 81 338 орын (футбол және регби), 75 000 орын (жеңіл атлетика) және ауқымды концерттерге 90 000-ға дейін орын қарастырылған.

Бұл стадионда Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, сондай-ақ жеңіл атлетика, сонымен қатар ерлер мен әйелдер арасындағы регби 7 турнирі өтеді. 

Paris La Defense Arena

Көп мақсатты жабық стадион Нантерде орналасқан. Арена 2013 және 2017 жылдар аралығында «Racing 92» регби клубы үшін салынған. Бұл сатдион ашылғанға дейін Мәскеудегі Олимпиада стадионы Еуропадағы ең үлкен жабық стадион болып саналып келген-ді.

Paris La Defense Arena
Фото: olympics.com

Аренаның сыйымдылығы регби жарыстары үшін 32 000 орынға, ал концерттер үшін 40 000 орынға тең. 

Олимпиада ойындары аясында стадионда суда жүзуден жарыстар және су добынан ерлер мен әйелдер арасындағы турнирлердің финалы өтеді. 

Stade Olympique Yves-du-Manoir

Стадион Париждің Ла-Гарен-Коломбе маңында орналасқан. Ол 1907 жылы салынған және атақты француз регбишісі Ив дю Мануардың есімімен аталады. Бұл – Францияның төменгі лигаларында ойнайтын «Racing Club de France» футбол клубының стадионы.

Stade Olympique Yves-du-Manoir
Фото: olympics.com

Қазіргі сыйымдылығы – шамамен 15 000 көрермен.Стадион бірнеше рет қайта жаңғыртылған.

2024 жылғы Олимпиада ойындары кезінде бұл аренада допты хоккейден матчтар өткізіледі. 

Palais Omnisports de Paris-Bercy

Париждің 12-ші ауданындағы Берси бульварындағы жабық спорт аренасы 1984 жылы салынған. Бұл нысан ірі жарыстар мен мәдени іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Мұнда жеңіл атлетикадан баскетболға, шайбалы хоккейден мотокроссқа дейін турнирлер, ерлер арасындағы теннистен ATP Tour халықаралық турнирі және әйелдер арасындағы гандболдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының соңғы раундтары өткен.

Palais Omnisports de Paris-Bercy
Фото: olympics.com

Аренаның сыйымдылығы оқиғаға байланысты 7 000-нан 20 300 адамға дейін өзгереді.

2024 жылғы Олимпиада ойындары аясында стадионда баскетболдан финалдық ойындар мен көркем гимнастикадан жарыстар өткізіледі. 

Сhâteau de Versailles

Версаль сарайы 1682 жылы Людовик XIV сарайының резиденциясына айналды. Ал 1883 жылдан бастап сарай және бақтары ұлттық мұражайға айналып, 1979 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра мәртебесін алған алғашқы француз нысаны ретінде тарихқа енді.

Сhâteau de Versailles
Фото: olympics.com

Олимпиада ойындарын өткізу үшін сарай аумағындақ уақытша арена салынған. Оның сыйымдылығы оқиғаға байланысты 15 000-нан 40 000 көрерменге дейін өзгеріп тұрады. Мұнда ат спорты мен заманауи бессайыс бойынша олимпиадалық турнирлер өтеді. 

Grand Palais Ephemere

Grand Palais Ephemere
Фото: olympics.com

Ғимарат 2021 жылы сәулетші Жан-Мишель Вильмоттың жобасы бойынша салынған. Олимпиададан кейін құрылым жойылады. Олимпиада ойындары кезінде мұнда дзюдо, грек-рим және еркін күрестен жарыстар өтеді. Нысанның сыйымдылығы шамамен 8356 адамды құрайды. 

Chateauroux Shooting Centre

Шаторудағы Ұлттық ату орталығы Олимпиада ойындары кезінде оқ атудан жарысатын 340 олимпиадашы мен 160 паралимпиадашыны қабылдайды. 2018 жылы Француз Bulleting федерациясы ашқан бұл бірегей кешен Еуропадағы ең үлкен кешендердің бірі болып табылады.

Chateauroux Shooting Centre
Фото: olympics.com

Орталық бірнеше атыс тирлерімен жабдықталғандықтан мұнда атудан жарыстардың барлық түрін өткізуге болады. 2022 жылы кешенде жаңа зал салынды, онда 2024 жылы мылтық пен тапаншадан ату жарыстарының Олимпиада және Паралимпиада финалы өтеді. 

Grand Palais

Париждің қақ ортасындағы ғимарат 1900 жылы Париждегі әмбебап көрмеге арналып салынған. Құрылым 2024 жылғы Олимпиада ойындарына дейін ешқашан жаңартылмаған.

Grand Palais
Фото: olympics.com Kazinform

Сарай көптеген түрлі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу орны ретінде пайдаланылады: жыл сайын әлемнің әр түкпірінен келген суретшілердің бірқатар көрмелері өтеді, ал 2010 жылы семсерлесуден әлем чемпионаты ұйымдастырылды.

Олимпиада кезінде ғимараттың сыйымдылығы 8 000 адамға дейін жетеді. Мұнда семсерлесу мен таэквондодан жарыстар өтеді. 

Paris Expo Porte de Versailles

Көрме-конференция орталығы Париждің 15-ші ауданында, Порт-де-Версаль метро станциясында орналасқан. Бұл – 1923 жылы Париж сауда жәрмеңкесін өткізу үшін салынған Франциядағы ең үлкен саябақ. Оның ауданы 35 гектарды құрайды.

Paris Expo Porte de Versailles
Фото: olympics.com

Олимпиада ойындары кезінде мұнда гандбол, ауыр атлетика, волейбол және үстел теннисінен жарыстар өтеді. Орталықтың бір бөлігі Олимпиада үшін арнайы қайта жаңғыртылды. Сыйымдылығына тоқталсақ, волейбол турнирі үшін 12 000 адамды, гандболдан 7 800-ге дейін және үстел теннисі мен ауыр атлетикадан 6 000 адамға дейін қабылдайды. 

Les Invalides

Les Invalides
Фото: olympics.com

Париждегі ең әдемі ескерткіштердің бірі, мүгедектер сарайына қарама-қарсы орналасқан. Олимпиада уақытында садақ ату, тас жол велоспорты және жеңіл атлетика (марафон) бойынша жарыстардың аренасына айналады. Орынның сыйымдылығы шамамен 8 000 адамды құрайды. 

Nautical Stadium Vaires-sur-Marne

Vere-sur-Marne – 4 400 шаршы метрді құрайтын спорт орталығы. 2019 жылдың маусым айында салынған. Стадионда байдарка мен каноэ есуден Олимпиадалық жарыстар өтеді.

Nautical Stadium Vaires-sur-Marne
Фото: olympics.com

Бейжің және Сиднеймен қатар ол Олимпиадалық және Паралимпиадалық байдарка мен каноэде есу, оның ішінде слалом бойынша жарыстар өткізетін әлемдегі үздік үш спорттық нысанның бірі. 

Place de la Concorde

Париждегі ең үлкен алаң қаланың 8-ші ауданында, Елисей даласының шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл орын француз төңкерісі кезіндегі король Людовик XVI, Мари Антуанетта және Максимилиен Робеспьерді қоса алғанда, көпшіліктің өлім жазасына кесілген орны ретінде танымал.

Place de la Concorde
Фото: olympics.com

Олимпиадада бұл қалалық саябақта 27 шілдеден 10 тамыз сенбісіне дейін үзіліссіз спорттық жарыс өтеді - скейтбординг, BMX-фристайл және 3×3 баскетбол. Орынның сыйымдылығы 30 мың адамға дейін жетеді. 

The Porte de La Chapelle Arena

Арена эко-стильде жобаланған (қасбеті қайта өңделетін алюминиймен қапталған және құрылыс материалдарының көпшілігі био негізінде), 2024 жылдың басында ашылған. Париждің Ла-Шапелл ауданында орналасқан құрылымның сыйымдылығы 8 мың адамға дейін жетеді.

The Porte de La Chapelle Arena
Фото: olympics.com

Олимпиададан кейін арена «Париж» баскетбол клубының үйдегі ойындарын өткізетін аренаға айналады. 

Олимпиада ойындары аясында стадионда бадминтон (6 700 көрерменге дейін) және көркем гимнастикадан (7 000 көрерменге дейін) жарыстар өтеді. 

Le Bourget Sport climbing venue

1982 жылы салынған нысан 2024 жылғы Олимпиада ойындары үшін арнайы түрлендіріліп, тек жарыс уақытында ғана пайдаланылады. Спорттық өрмелеу орталығы Париж-Шарль де Голль әуежайының жанында Вильпентедегі Ле Бурже жаңа спорт саябағында орналасқан.

Le Bourget Sport climbing venue
Фото: olympics.com

Өрмелеу қабырғасы ойындарға бірнеше күн қалғанда орнатылуы керек. Көрермендерді орналастыру үшін сыйымдылығы 6 000 адамдық трибуна орнатылады. 

Stade Roland Garros

Стадион – Буа-де-Булонның шетінде орналасқан теннис корттарының кешені. Мұнда жыл сайын дәстүрлі түрде French Open турнирі өтеді. Ролан Гаррос 1928 жылы салынған және француз ұшқышы және Бірінші дүниежүзілік соғыс батыры Ролан Гарростың құрметіне аталған. 

 Stade Roland Garros
Фото: olympics.com

Орталық теннистің қажеттіліктеріне назар аудара отырып, бірнеше рет қайта құрылды және өзгертілді. Стадионда барлығы 24 теннис корты бар, оның үшеуін ірі матчтар үшін пайдалануға болады. Олимпиада ойындары кезінде сстадионда теннис пен бокстан жарыстар өтеді. 

North Paris Arena

Ойындар үшін Paris NorthVillepinte көрме орталығы Paris North Arena деп аталатын үлкен модульдік спорттық нысанға айналады. Франциядағы ең үлкен орталықта тоғыз павильон бар.

North Paris Arena
Фото: olympics.com

Олимпиада ойындары аясында бокс турнирінің алдын ала раундтары мен заманауи бессайыс семсерлесу кезеңі, сондай-ақ Паралимпиада ойындары аясында отырып волейбол турнирі өтеді. 

Vеlodrome de Saint-Quentin-en-Yvelines

Монтини-ле-Бретонне велодромы 2011-2014 жылдар аралығында салынған. Содан бері ол 2015, 2022 жылғы велоспорттан әлем чемпионатын және 2016 жылғы жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатын қабылдады. Сондай-ақ бұл нысан – Франция велоспорт федерациясының штаб-пәтері және ұлттық құраманың жаттығу орталығы. 

Vеlodrome de Saint-Quentin-en-Yvelines
Фото: olympics.com

Аренаның сыйымдылығы шамамен 5 000 көрерменді құрайды. Мұнда Олимпиада ойындары аясында ерлер мен әйелдер арасында велоспорттан жарыстар өтеді. 

Pont Alexandre III

Сена өзенінің екі жағалауы арасындағы көпір Париждің қақ ортасында орналасқан және сансыз ескерткіштермен қоршалған. Ол 1900 жылғы Дүниежүзілік көрме үшін ашылғаннан бері қаланың ең есте қалатын оқиғаларының бір бөлігі болды және өз алдына өнер туындысы мен сәулеттік ескерткіш болып табылады.

Pont Alexandre III
Фото: olympics.com

Ені 45 метр және ұзындығы 107 метр көпір төрт бағанмен және тіреуіш алтын қола мүсіндермен шектелген. Мұнда Олимпиада ойындары кезінде велоспорт, триатлон және ашық суда жүзу турнирі өтеді. 

The Hotel de Ville

Vеlodrome de Saint-Quentin-en-Yvelines
Фото: olympics.com

Тарихи ғимарат пен оның атымен аталатын алаң Сена өзенінің бойында орналасқан. Бұл жерде жүгіру марафоны басталады. 

Trocadéro

Бұл алаңда Олимпиада ойындары кезінде велоспорт пен жеңіл атлетикадан жарыстар (20 шақырымдық жүгіру жолы) үшін пайдаланылады.

Trocadéro
Фото: olympics.com

Оның сыйымдылығы шамамен 3 349 адамды құрайды. Алаң туристерге өте танымал, себебі ол Эйфель мұнарасының ең жақсы көрінісін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар