Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін қай ел алды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жүлделерін Қазақстан, Қытай және Оңтүстік Корея елінің спортшылары жеңіп алды.

Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін қай ел алды
Фото: ХОК баспасөз қызметі

Нақтырақ айтар болсақ, Париждегі Олимпиаданың ең алғашқы медалі Қазақстан қоржынына түсті. Отандастарымыз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында қолаға қол жеткізді. 

Ал, Олимпиаданың алғашқы алтын медалін Қытай спортшылары қанжығасына байласа, күміс жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алды.

Айта кетейік, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан спортшылары төрт жылдық додада спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын.

Бүгін жоғары да атап өткеніміздей, ел қоржынына алғашқы медаль түсті. 

Соңғы жаңалықтар