Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Азиадада алғашқы қарсыласын таза жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов бірінші айналымда Ли Харимді (Оңтүстік Корея) иппон әдісімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
Осыған дейін Елдос Сметовтың Азия ойындарындағы белдесуін бастайтынын жаздық.