Париж Олимпиадасының медалі таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарының медальдары таныстырылды.

Медаль
Фото: ХОК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, жүлденің басқалардан басты айырмашылығы – медаль ортасында Эйфель мұнарасы бейнеленген.

«Осы алтын, күміс және қоланы жүлденің ең басты құнды бөлігі – Эйфель мұнарасымен ұштастыру үшін үлкен жұмыс атқарылды», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында. 

Жалпы есебі 5084 медаль шығарылды. Оның әрқайсысында 18 грамм Эйфель мұнарасы бар.

Айта кетейік, дәл бүгінгі күнге дейін Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 8 спорт түрінен 19 лицензиясы бар (садақ ату – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1).

Соңғы жаңалықтар