Париж орталығын егеуқұйрықтар жаулап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Туристердің айтуынша, Луврға жақын маңдағы атақты Тюильри бағында егеуқұйрықтар қаптап кеткен.
Осында демалып жүрген жандардың тағамынан дәме еткен олар түнде ғана емес тіпті күндіз де жүгіріп жүретін көрінеді.
Қаланы кемірушілерден арылтатын арнайы қызмет бар. Алайда ғаламтордағы бейнеороликтерге қарағанда, қызметкерлер өз міндеттерін жауапкершілікпен қарамайды. Ал олар болса, осында келетін туристердің тамақ қалдықтарын тастап, ластап кететінін айтып ақталған.