Париж орталығында ер адам екі қонақүйді тонап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні қарулы ер адам Париж орталығындағы екі қонақүйді тонап кетті, деп хабарлады BFMTV телеарнасы.
Телеарнаның ақпаратына сәйкес, белгісіз біреу француздық астананың XVII округінде Рим және Клод көшелеріндегі екі қонаүйді қарумен келіп, тонап кеткен. Жалғыз жүрген қаскүнем бой тасалап үлгерді.
Оқиға орнына полиция келді, деп хабарлады телеарна. Шығын әзірге есептелген жоқ.