17:36, 01 Сәуір 2016 | GMT +5
Париж орталығында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласының алтыншы ауданында жарылыс болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті, деп хабарлады BFM. Полиция басылымға зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Британдық басылым The Sun тілшісі Скотт Кэмпбелл полициядағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып туиттердегі парақшасында «жарылыс тұрмыстық сипатта орын алды» деп жазды.