Париж вокзалында пышақ ұстаған қылмыскер үш адамды жарақаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Париждің орталығындағы Лион вокзалында (Gare de Lyon) пышақпен шабуыл жасалып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Euronews.

париж
Фото: euronews.com

Бір жәбірленуші ауыр, екеуі жеңіл жарақатпен жедел медициналық жәрдем бөліміне жеткізілді. 

Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыскер ұсталды. Шабуыл себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар