Парижде 10-15 млн еуроның әшекей бұйымдары ұрланды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Париждің 2-ші округінде сейсенбі күні күндіз алдын ала есеп бойынша 10-15 млн еуроның әшекейлік бұйымдары ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Франция бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Rue de la Paix №7-ші үй мекенжайы бойынша орналасқан Piaget дүкеніне шабуыл жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 12-нің кезінде жасалған.
Екі ер адам мен әйел дүкенге тапаншамен басып кіріп, ашық тұрған, бірнеше витринадан әшекей бұйымдарын алып кеткен.
Франция прокуратурасы шығынның алдын ала мөлшері 10-15 млн еуро болатынын растады. Полиция ұылмыскерлерді іздестіріп жатыр.