07:54, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Парижде 64 жасында Гвинея-Бисау президенті М.Санья дүниеден озды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Парижде ұзаққа созылған науқастан кейін 64 жасында Гвинея-Бисау президенті Малам Бакай Санья қайтыс болды, деп хабарлады Би-Би-Си.
М.Санья 2011 жылғы қарашаның соңынан бері «Валь-де-Грас» әскери госпиталында болды. Кейбір деректерге қарағанда, Гвинея-Бисау көшбасшысы қант диабеті сырқатына ұшыраған. 2009 жылы ел президенті қызметіне кірскен сәттен бастап, ол емделуден өту үшін жиі шетелдерге шығып тұрды.