Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды.
Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.
«Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Ол арнайы делегация құрамамында болған жоқ. Спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Парижге арнайы турист ретінде келген болатын», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Kazinform тілшісіне берген жауабында.
Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы 7 тамызда Олимпиададағы медальдар санын жетіге жеткізгенін хабарлаған едік.