Парижде әскери қызметкерлерге шабуылдағандардың бірі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз полициясы Париж маңында әскери қызметкерлерлерге шабуылдаған күдіктілердің бірін ұстады. Бұл туралы құқық қорғау органдарының дереккөздеріне сілтеме жасап Le Figaro со хабарлады.

Парижде әскери қызметкерлерге шабуылдағандардың бірі ұсталды

Басылымның деректеріне сәйкес ер адам елдің солтүстігіндегі жолдың бойынан ұсталды. Полицейлер күдіктінің көлігін сипаттама бойынша анықтады. Жүргізушіні ұстау үшін құқық қорғушылар оқ атуға мәжбүр болды. Ұстау операциясы кезінде полицейлердің бірі жарақаттанып қалды.

Le Figaro дереккөзі қаскүнем 1980 жылы туған ер адам болып шыққанын айтты. Өз кезегінде, BFM TV телеарнасы ол бұрын полицей картотекасында болмағанын нақтылады. Сондай-ақ ұсталған кезде ер адам полицейдің көлігін соғып кетуге әрекеттенген.

Бұдан бұрын француздың алты әскери қызметшісі Париж маңында көлік соққаннан жарақат алғаны хабарланған.