Парижде белгісіз адам оқ жаудырып, 2 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде белгісіз адам оқ атып, кемінде екі адам көз жұмды, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Оқиға Шығыс вокзалындағы күрд мәдени орталығының жанында болған. Жергілікті полиция 10-округтегі Ангьян көшесіндегі оқиғаны тергеп жатқанын хабарлады. Париж тұрғындарынан бұл аймаққа жақындамауды сұрады. Оқ атқан адам 69 жаста, ол ұсталды. Оның мұндай әрекетке бару себептері әзірге белгісіз.
Фото: apa.az