02:45, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Парижде Делакруаның аса құнды «Орандық арабтар» картинасын ұрлап кетті
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Парижде атақты суретші Эжен Делакруаның «Орандық арабтар» атты картинасын ұрлап кетті.

Оның құны 650 мың еуро. Бұл қылмыс Schmidt галереясында орын алды.
Франциялық басылымдар бұл ұрлықты «адам естімеген қатыгездік» деп жарыса жазып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қабырғаға ілулі тұрған бұл шығарманы белгісіз біреу күзетшілерге білдірмей алып кеткен.